Reklamı Geç
5 saniye kaldı
SANİYELİ REKLAM SOSYAL MEDYA TAKİP ET
QR KODU site sol kule
sağ dik reklam tweter takip et

28 Mart 2024, Perşembe

BEŞİKTAŞ MEDYA GRUP - Uluslararası Basın Yayın Platformu

Революцияшыл Q pop топ

Революцияшыл Q pop топ

Қазақстандық Ninety One тобы - JUZ Entertainment компаниясының әртістері. Топты 2014 жылы K Top Idols шоуында Орда тобының мүшесі Ерболат Беделхан құрды. Шоудың нәтижесінде ZAQ және AZ рэперлері және топтың вокалисті Alem таңдалды.
Топ мүшелерімен танысайқ:

Alem (Батырхан Маликов)
Туған күні: 18 ақпан, 1993 г.
Топтың ең улкені.
Жетекші вокалист, биші.
Музыкалық білім алған.
Музыкалық аспаптарда, соның ішінде домбыра, фортепиано және гитарада ойнайды.
Ninety One тобына қосылмас бұрын the Voice of Qazaqstan байқауына қатысқан.

Instagram: @xcialem

Ace (Азамат Ашмакын)
Туған күні: 29 тамыз, 1993 ж.
Топқа кірмес бұрын ол Оңтүстік Кореядағы әйгілі продюсерлік агенттіктердің бірі SM
Entertainment-те үш жыл тағылымдамадан өтті.
Тағылымдамадан өткен болса, Оңтүстік Кореяның NCT тобының мүшесі болар еді.
Қазақ, орыс және кәріс тілдерінде сойлейді, сонымен қатар испан және ағылшын
тілдерін үйреніп жатыр.

Instagram: @acetagrammy

Zaq (Дулат Мухаметкалиев)
Туған күні: 8 ақпан, 1996 ж.
AZ-мен бірге әндердің сөздерін жазады.
Топтың сөзшені.
Өте ақылды.
Ол өз жанкүйерлерінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының -
«Жас Отанның» мүшесі болды.
Саясаткер.
Жанкүйерлері оны «мысық» деп атайды, өйткені ол ұйықтауды жақсы көреді.
Жоғары оқу орнында қазақ филологиясын оқыған, бірақ оны бітірмей тастап кетті.
Оның ойынша, қазақ тілі ел жастары үшін өте маңызды.
Сахна атауы QAZAQ сөзінің соңғы 3 әрпінен тұрады (латынша «қазақ» сөзінің
жазылуы).

Instagram: @zaqcount 

AZ (Азамат Зенкаев)
Туған күні: 28 қыркүйек, 1993 ж.
Топтың лидері және жетекші реппері.
Ерекше дауыстың иесі, дауысынның үнін өзгерте алады және оның дыбысын ерекше
етеді.
Өте байыпты және байсалды, бірақ әрқашан топтастарына қамқорлық жасайды.
Досшыл.
Топта ең аз сөйледі.
10-нан астам татуировкасы бар.
Ең ерекше татуировкасы: көне түрік тіліндегі жазба.

Instagram: @xcii.ix.xxviii

Bala (Данияр Кулумшин)
Туған күні: 19 ақпан, 1998 ж.
Топтың кенжесі.
Ninety One тобына қосылмас бұрын Brotherhood тобының мүшесі болған.
Топ туралы бірәз ақпарат:
Топтың жанкүйерлері өздерін Eaglez деп атайды (ағылшын тілінен аударғанда
«қыран»). Қыран Қазақстанның туында бейнеленген және бостандықтың нышаны.
Топтың мүшелері өз өлендерінің көбісін өздері жазады. Zaq пен Az өленнің сөздерін
және Alem, Ace және Bala әнің жазады.

Instagram: @bqlq.qi

Топ туралы бірәз ақпарат:
Топтың жанкүйерлері өздерін Eaglez деп атайды (ағылшын тілінен аударғанда
«қыран»). Қыран Қазақстанның туында бейнеленген және бостандықтың нышаны.
Топтың мүшелері өз өлендерінің көбісін өздері жазады. Zaq пен Az өленнің сөздерін
және Alem, Ace және Bala әнің жазады.

Q pop музыкалық майданның сарбаздары.

2015 жылдың 1 қыркүйегінде Ninety One өздерінің алғашқы «Айыптама» атты әнін шығарды. Ән шыққан сәттен топ көптеген түсініспеушіліке тап болып, тіпті олар Қазақстандағы «нормаға» сәйкес келмегені үшін, оларды тоқтатпақшы болған
адамдар да болды. Боляған шаш, сырға мен тату ел жастарына теріс әсер ететін нәрсе ретінде
қабылданды. Топтың «Men sen emes» қысқа бейнеролигі бар, роликта бұл идея айыпталған.
Жуырда Мен емес әні де жарыққа шыққан. Топ жиі әндерінің мәтінінде немесе музыкалық бейнелерінде жарияланбаған әндер
туралы тұспал береді. «91» фильмі де түсірілді, ол топтың карьерасының басында кездестірген қиындықтары туралы баяндайды.

Олар әлемді қазақ мәдениеті мен тілімен таныстырғысы келеді

Топтың негізгі мақсаты - қазақ мәдениетін және әсіресе қазақ тілін насихаттау. Олар сонымен бірге өз елінің жастары үшін, өз ойын білдіруге арналған, жоғары сапалы, ана тілінде музыканы шығарғысы келеді. Кеңес Одағы ыдырап және Қазақстаның
тәуелсіздік алғанына көп уақыт болды, бірақ көптеген қазақтар әлі күнге дейін өз ана тілдерінде сөйлемейді. Ninety One-ның арқасында қазақ тілге деген қазақстандық жастар арасында қызығушылық пайда болып, сонымен қатар көптеген шетелдік
жанкүйерлер де қазақ тілін үйренуді бастады.

Q pop көшбасшылары

Ninety One Q pop жанрының (қазақ поп музыкасы) негізін қалаушылары. Q pop жарық көргенге дейін қазақ музыкасын тек «той әртістері» ұсынған. Бұл әртістер негізінен ауқатты және ықпалды адамдардың үйлену тойларында және басқа да шараларында
өнер көрсетеді. Ninety One мұндай шараларға шақыруды қабылдамайды, олардың айтуынша, адамдар әртістің шығармашылығына рахаттану үшін баратын жерде өнер көрсеткісі келеді.

Еркін және тәуелсіз шығармашылық

Топтың аты 1991 жылы, Қазақстанның Кеңес Одағынан тәуелсідігін алған жылымен байланысты. Бұл, топтың да, Q pop жанрының да және де жалпы шығармашылықтың тәуелсіздігінің белгісі.

Топ мүшелері «Kagaz Keme» телехикаясының түсіріліміне қатысты. Сондай-ақ, топ «Ninety One Space» деп аталатын YouTube платформасында влог стиліндегі реалити-шоудың 3 маусымын түсірді. Ninety One Space-тың екінші маусымында
жігіттер Түркиядағы демалысын түсірді. Олар 2018 жылдың шілдесінде Анталия мен Кемерге қысқа демалысқа келді, сонымен бірге олар тұрған қонақүйде шағын концерт ұйымдастырды. Топтың тағы бір реалити-шоуы «91 TV» деп аталады, оны YouTube
платформасында ағылшын субтитрлермен көруге болады.

«Мұз» әнінде жігіттер басынан өткен қиындықтары туралы айтады. Өлеңде адамдардың бір-біріне деген салқын қатынастары туралы айтылады. Сондай-ақ бірнеше ай бұрын Қазақстанның бірнеше қаласында @moozcoffee және @moozice кафелері ашылды.

Топтың стилисті - Бибота (@bibotta_). Ninety One сонымен қатар Қазақстандағы сән, жастар және музыканың өкілдері.
Топтың QG (Qazaq Generation) атты киім бренді бар, @qgwear инстаграм парақшасынан топтың жанкүйерлері бренд пен топтың логотиптерімен киім сатып ала алады.
Ninety One өз концерттерімен Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия елдеріне барып қайтқан. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның "I Can See Your Voice" байқауына Кореяның MAMAMOO атты әйгілі әншілер тобымен бірге қатысып, сол байқауда жеңіске жетті.

Special News
Buğurcan Baştuğ - Besiktas Media Group - Reporter - English translation
Contributors
Umay Tüzek - Information and contact about Ninety One
@di_translates_07 - Communicating with Ninety One, Kazakh translation

Haber Videosu


Editör: Buğurcan Baştuğ

Beğendim 1 Muhteşem 0 Haha 0 İnanılmaz 0 Üzgün 0 Kızgın 0

Haber Yorumları

Habere Ait Yorum Bulunmamaktadır.

Yorum Yazın

CAPTCHA security code

Dikkat! Suç teşkil edecek, yasadışı, tehditkar, rahatsız edici, hakaret ve küfür içeren, aşağılayıcı, küçük düşürücü, kaba, pornografik, ahlaka aykırı, kişilik haklarına zarar verici ya da benzeri niteliklerde içeriklerden doğan her türlü mali, hukuki, cezai, idari sorumluluk içeriği gönderen Üye/Üyeler’e aittir.

yükleniyor
yukarı çık